Бұл туралы республика президенті Никос Анастасиадис дүйсенбі күні кеште ұлтқа телеүндеуінде мәлім етті.
Одан бірнеше сағат бұрын президент Брюссельден оралды.
Онда жексенбіден дүйсенбіге қараған түнде ол Еуроодақпен және Халықаралық валюта қорымен Кипр үшін дағдарысқа қарсы шаралардың параметрлері туралы уағдаласып, халықаралық несиегерлердің аралдық мемлекетке 10 миллиард еуро көлемінде көмек беруі жайлы келісімге қол жеткізді, бұл елді дефолтқа тіремеуге мүмкіндік бермек.
Анастасиадис Брюссельдегі келіссөздер күрделі болғанын, тіпті кейде мүлдем ауыр болғанын мойындады. «Біздің бірқатар әріптестеріміздің ұстанымдарынан зор уайым шеккенімізге қарамастан, еліміздің еуропалық жанұядан шығуы дағдарысқа дұрыс жауап болмас еді, деп санаймын», деді ол.
Мемлекет басшысы Кипрдің орталық банкі қазрдің өзінде парламент қабылдаған заңдарға сәйкес сейсенбіден бастап бірқатар қаржы операцияларына қатысты шектеу шараларын енгізеді, деп хабарлады. Дегенмен бұл уақытша шектеулер бара-бара бәсеңдейді», деп сендірді ол. «Үкімет елдің мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейді», - деді президент. .