Кипрден жеткізілген Елдос Қоспаевқа қатысты тергеу аяқталды

Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарына қатысты тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. 

«Оған қатысты тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Танысу аяқталған соң іс сотқа жолданады», - деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйектегі операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін жеткізген болатын. 

Қылмыстық топ күш қолданып, қоқан-лоққы жасап, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.