«Оған қатысты тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Танысу аяқталған соң іс сотқа жолданады», - деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйектегі операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін жеткізген болатын.
Қылмыстық топ күш қолданып, қоқан-лоққы жасап, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.