Кипрлік банктердегі 69 млрд. еуроның 29 миллиарды ресейліктерге тиесілі

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - «Кипрдің банк жүйесіндегі ресейлік қаржының көлемі әдетте артық көрсетіледі»,

деп атап өтті Ұлыбританияда консультация өткізіп жатқан Кипрдің Сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидис.

«Кипрлік банктердегі 69 миллиард еуроның 20 миллиарды ғана ресейліктерге тиесілі», - дейді сыртқы саясат ведомствосының басшысы.