Кир Стармердің үйіндегі өртке байланысты Украина азаматына айып тағылды

Фото: Фото: AP

АСТАНА. KAZINFORM — 21 жастағы Украина азаматы Роман Лавриновичке Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен байланысы бар екі үй мен көлікке өрт қойды деген айып тағылды, деп хабарлайды DW Лондон полициясына сілтеме жасап.

- Лавринович 13 мамырда Лондонның оңтүстік-шығысындағы Сиденхам қаласында қамауға алынды. Ол «адам өміріне қауіп төндіру мақсатында» үш эпизод бойынша өрт қойды деп айыпталуда, - делінген полиция хабарламасында.

Айыпталушының уәждері айтылмады.

Қаралып жатқан істер - өткен аптада орын алған үш өрт: Лондонның солтүстігіндегі Кентиш-Таун қаласында автокөліктегі өрт, Стармердің премьер-министр болғанға дейін тұрған көшедегі жеке үйіндегі өрт және Лондонның солтүстік-батысындағы үйдегі өрт. БАҚ соңғысын да Ұлыбритания премьер-министрімен байланыстырады. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, өрт тек кіреберіс есіктерді зақымдаған.

Кир Стармер өзімен байланысты үй мен көліктегі өртті Британия халқы қолдайтын демократия мен құндылықтарға жасалған шабуыл деп атады.

2024 жылдың шілдесінен бастап Стармер және оның отбасы Ұлыбритания премьер-министрінің Даунинг-стриттегі ресми резиденциясында тұрады.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрінің үйінде өрт шыққаны жайлы жазған едік.