Қырғыз елінде күз маусымында 90 жылда болмаған жылы ауа райы тіркелді

Қырғыз Республикасында 12 қазан мен 27 қараша аралығында 90 жыл ішіндегі ең жылы ауа райы тіркелген, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қырғызгидрометтің Кабар агенттігіне мәлім етуінше, ел аумағындағы ауа райына батыс пен солтүстік-батыстан келетін ауа массалары әсер еткен. Олар әдетте ылғалды әрі салқын ауаны алып келеді. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Бішкекте күндізгі ауа температурасы қарашаның екінші жартысында 15 пен 25 градусқа дейін ысыған. Қаладағы ауаның орташа тәуліктік температурасы көп жылғы орташа көрсеткіштен 6 және 11 градусқа жоғары болды.