Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Фото: ТЖМ

ҚР ТЖМ таратқан дерекке қарағанда, Бішкек ЖЭО-дағы апатты жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

"28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жіберілді.

Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады", - делінген ақпаратта.