Қырғызстанда Камчы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі ұсталды
Қырғыз Республикасында кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалағаны үшін Жалал-Абад облысының Ақсы ауданын «бақылаушы», Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Қырғыз Республикасының МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство 11 қазанда ҚР ҚК 208 бабы 2 бөлігі 2 тармағында көзделген «Бопсалау» қылмыс белгілері бойынша іс қозғалған Ақсы ауданының «бақылаушысы» атанған К. Көлбаевтың ұйымдасқын қылмыстық тобының белсенді мүшесі М.А.К. ұсталғанын хабарлады.
Жүргізілген іс-шаралар барысында ұсталған азамат физикалық күш көрсетіп, қорқыту арқылы Ақсы ауданындағы жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалағаны анықталды.
Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Ол Жалал-Абад облысы бойынша Қырғызстан МҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары басталды.
Айта кетсек, 4 қазанда қарумен қарсылық таныту кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы Камчы Асанбектің (Көлбаев) көзі жойылғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Камчы Асанбектің (Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын жою бойынша алдын ала деректерді жариялады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қылмыс әлемінің серкесі қырғыз Қамшы Көлбаевтың Қазақстанда активтерінің болуы және қырғыз тарапынан оны қайтару туралы сұраныстың жасалуы мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді.