Қырғызстанда Камчы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі ұсталды

Қырғыз Республикасында кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалағаны үшін Жалал-Абад облысының Ақсы ауданын «бақылаушы», Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі  ұсталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Қырғыз Республикасының МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: ҚР МҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство 11 қазанда ҚР ҚК 208 бабы 2 бөлігі 2 тармағында көзделген «Бопсалау» қылмыс белгілері бойынша іс қозғалған Ақсы ауданының «бақылаушысы» атанған К. Көлбаевтың ұйымдасқын қылмыстық тобының белсенді мүшесі М.А.К. ұсталғанын хабарлады.

Жүргізілген іс-шаралар барысында ұсталған азамат физикалық күш көрсетіп, қорқыту арқылы Ақсы ауданындағы жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалағаны анықталды.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Ол Жалал-Абад облысы бойынша Қырғызстан МҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары басталды.

Айта кетсек, 4 қазанда қарумен қарсылық таныту кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы Камчы Асанбектің (Көлбаев) көзі жойылғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Камчы Асанбектің (Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын жою бойынша алдын ала деректерді жариялады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қылмыс әлемінің серкесі қырғыз Қамшы Көлбаевтың Қазақстанда активтерінің болуы және қырғыз тарапынан оны қайтару туралы сұраныстың жасалуы мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді.