Қырғыз-тәжік шекарасында жер сілкінді
11:20, 10 Қаңтар 2024
Қырғыз-тәжік шекарасында қуаты 3 балдық зілзала болды. Kazinform бұл туралы Кабарға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ҰҒА Сейсмология институты дерегінше, зілзала ошағы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында, Чоң Алай қырқасы тауларында, Ачык-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырым, Оштан оңтүстік-батысқа қарай 132 шақырым жерде тіркелген.
Қырғызстан елді мекендерінде дүмпу сезілген жоқ.