Қырғыз Үкіметінің басшысы Қазақстанмен арадағы байланыстарды дамытудың басым бағыттарын атады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев Премьер-министр Олжас Бектенов елордадағы кездесуде Қазақстанмен арадағы байланыстарды дамытудың басым бағыттарын атады.

- Расымен де екі бауырлас мемлекеттің арасындағы екіжақты ықпалдастық айрықша стратегиялық сипатқа ие. Былтыр Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың Қазақстанға ресми іссапары игілікті өтіп, Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысы болды. Одан бөлек екі мемлекеттің Парламенттері мен Үкіметтерінің, министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері деңгейінде іссапарлар мен кездесулер өтті. Соның нәтижесінде ықпалдастықтың бірқатар өзекті мәселелері бойынша мәмілелерге қол жеткізілді, - деді ол.

Қырғыз елінен келген мәртебелі мейман өзара сауда мен инвестицияда, мәдени және гуманитарлық ықпалдастықта жақсы нәтижелерге жол ашылғанын атап өтті. 

- Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы бірлік мәмілелерді тереңдету және кеңейту жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл біздің стратегиялық серіктестігімізді бекемдеу жолындағы тағы бір маңызды қадам және екі мемлекеттік арасындағы айрықша мәмілелердің айқын дәлелі десек болады. Жаңа ғана сізбен шағым құрамдағы кездесуде біз өзекті және келешектегі мәселелерді талқылап, бұған дейін қол жеткізілген екіжақты мәмілелерді іске асы барысын қайта қарап шығуға уағдаластық. Біз бірлескен әрекеттер арқылы зор нәтиже беріп тұрған тармақтарға басымдық беруді ұсынамыз. Бұлар – сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, көлік, энергетика, жол, білім беру және туризм тармақтары, әлбетте, мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды назардан тыс қалдырмаймыз, - деді Қырғыз Үкіметінің басшысы.

Еске салсақ Қазақстанның қырғыз экономикасына құйған инвестициясы 1,3 млрд долларға артқан еді