Құжатқа сәйкес, өңделмеген немесе ірі түрде ұсақталған, сондай-ақ араланған не басқа тәсілмен тікбұрышты немесе шаршы пішіндегі блоктар мен тақталарға бөлінген әктасты ұлутасты сыртқа шығаруға тыйым салынған. Бұл өнімдер ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 2515 11 000 0 және 2515 12 000 0 кодтарына жатады.
Мораторий тағы алты айға ұзартылды.
Тиісті мемлекеттік органдарға тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Бұған дейін Қырғызстан макулатура мен картонды сыртқа шығаруға салынған тыйымды да ұзартқан болатын.