Қырғызстан әктастың экспортын шектеу мерзімін ұзартты

Фото: Кабар

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан Министрлер кабинетінің қаулысымен ел аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әктас шығаруға салынған уақытша тыйым ұзартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Құжатқа сәйкес, өңделмеген немесе ірі түрде ұсатылған, сондай-ақ тікбұрышты не шаршы пішіндегі блоктар мен тақталарға кесілген әктастарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 2515 11 000 0 және 2515 12 000 0 кодтары) экспорттауға тыйым салынады.

Мораторий алты айға ұзартылды.

Тиісті мемлекеттік органдарға тауарларды заңсыз әкетудің алдын алу және жолын кесу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстан қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған тыйымды да ұзартқан болатын.