Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы мен Халықаралық даму қауымдастығы арасындағы „Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және санитарияны тұрақты дамыту жобасын“ қаржыландыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойды.
Жоба Ош облысының 11 ауылында ауыз сумен жабдықтау жүйелерін оңалтуға және салуға, Ыстықкөл облысының Құрмонту ауылында көпқабатты үйлердің су бұру жүйесін салуға, ОШ, Шу, Ыстықкөл облыстарында санитарияны дамыту мақсатында үй шаруашылықтары үшін ынталандырушы гранттар бағдарламасын қаржыландыруға және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі муниципалды кәсіпорындардың арнайы техниканы сатып алуына бағытталған. Сондай-ақ бұл инвестициялар таза ауыз суға қол жеткізуді едәуір жақсартуға, су шығынын азайтуға, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық даму қауымдастығы 50 жыл мерзімге 7,64 миллион доллар несие береді. Жеңілдік кезеңі– 10 жыл, пайыздық мөлшерлеме — 0%.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Халықаралық даму қауымдастығы Қырғызстанға Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасына техникалық көмек көрсету үшін 13,6 миллион доллар көлемінде қосымша қаржы бөледі. Сондай-ақ Қырғызстан «CASA-1000» жобасына 31,3 миллион доллар көлемінде несие алады.