Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады. Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев мәлім етті, деп хабарлайды Кabar ақпарат агенттігі.

Фото: Кabar

Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы өткен жылдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өзі шығара бастаған.

- Бұдан басқа, біз тағы екі мемлекеттің төлқұжатын дайындауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақша төлеп рәсімдейтін болсақ, қазір басқа елдер бізге тапсырыспен жүгініп жатыр, - деп баяндады Тұманбаев.

Бұған дейін Қазақстанда төлқұжатты тегін алатын азаматтардың 9 санатын жариялаған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн ауыстыра алады. 

Kazinform үшін арнайы Кabar серіктес агенттігі ұсынған.