«Қырғызстан әуежайлары» ААҚ мәліметі бойынша, 2026 жылдың 7 шілдесінде Бішкек-Ош рейсіне ұшар алдында TezJet әуе компаниясына тиесілі McDonnell Douglas MD-83 ұшағының артқы шассиі істен шыққан.
— Салдарынан ұшақ солға қарай еңкейіп, сол қанаты ұшу-қону жолағына соғылып, тоқтады. Барлық қажетті шаралар дереу қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Қырғызстанның Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі бұл оқиға бойынша ресми тергеу бастады, — делінген хабарламада.
Ұшақ ұшу-қону жолағынан эвакуацияланды, төгілген реактивті отынды тазарту жұмыстары жүргізілді. «Манас» халықаралық әуежайы сағат 9:00–де жұмысын қайта бастады.
Қажетті тексерулер аяқталғанға дейін TezJet ұшақтарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Бішкек әуежайында 181 жолаушы мен алты экипаж мүшесі бар ұшақ апатқа ұшыраған болатын.