Бұл шара елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылданған.
Тиісті қаулыға сәйкес, ел аумағынан ірі қара малды (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0102), жылқыны (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0101), қой мен ешкіні (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0104) экспорттауға қойылған тыйым алты ай мерзімге белгіленді.
Тыйым келесі жағдайларға қолданылмайды:
ел аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға;
спорттық жарыстарға қатысу үшін шығарылатын жылқыларға;
шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға сыйға берілетін жылқыларға;
мемлекеттік оператор — «Қырғыз Агрохолдинг» ААҚ арқылы экспортталатын малға (Қырғызстанда өсірілген малдан басқа);
әуе арқылы тасымалданатын жылқыларға.
Бұған дейін Қырғызстан әктасты елден шығаруға қойылған тыйымды да ұзартқан болатын.