Қырғызстан Министрлер кабинетінің тиісті қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұл шара отандық қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттарын қолдауға бағытталған. Уақытша тыйым 2026 жылғы жергілікті қант қызылшасын өңдеу және одан өндірілген қантты сату кезеңінде енгізілмек.
Мұндай шешімге импорт көлемінің күрт өсуі мен шетелдік қант бағасының төмендеуі себеп болған. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қырғызстанға 66,9 мың тонна қант әкелінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп. Қант жеткізуші негізгі елдер қатарында Бразилия (29,96 мың тонна), Ресей (21,23 мың тонна), Әзербайжан (8,63 мың тонна), Қазақстан (3,86 мың тонна) және Беларусь (2,03 мың тонна) бар.
Жаңа өнімнен алынған қант нарыққа түспей тұрып, шетелден қант көптеп әкелінсе, отандық өнімге сұраныс азайып, қызылша өсірушілердің табысы азаюы мүмкін.
Алайда бұл шектеу Қырғызстан арқылы транзитпен өтетін, соның ішінде ЕАЭО елдері арасында тасымалданатын ақ қантқа, қайта экспортталатын өнімге, «экстра» сұрыпты қантқа және тыйым күшіне енгенге дейін Қырғызстанға жөнелтілген жүктерге қатысты болмайды.
Бұған дейін Қырғызстанда картоп импортына уақытша шектеу енгізу ұсынылғаны хабарланған болатын.