Ведомствоның хабарлауынша, ҚР мемлекеттік шекарасындағы 32 шекаралық ветеринарлық пункттерге ветеринарлық қызметке елге кіргізілетін мал мен мал өнімдерінің процедуралық өндірісін қарау кезінде мынадай құжаттар ұсынылуы керек:
- Қырғыз Республикасы бас ветеринарлық инспекторы келісімі мен ресми берілген рұқсат қағазының түпнұсқасы;
- ел аумағына тасымалдаумен айналысатын (импорт) жеке және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ветеринарлық қызметті мемлекеттік реестерде тіркеу;
- ЕАЭО ветеринарлық-санитариялық талаптарына сәйкес ветеринарлық ілеспе құжаттар;
Жануарлар шекаралық ветеринарлық бақылау пункттерінде ветеринарлық бақылаудан өткеннен кейін ветеринарлық-санитариялық талаптарға сәйкес карантинге жіберіледі.
Шекарадағы ветеринарлық бақылау пункттері мен аумақтарында ветеринарлық-санитариялық талаптарды сақтамаған, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуына жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты елдің заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.