Қырғызстан мектептерінде энергияны үнемдеу шаралары енгізіліп отыр
14:55, 12 Қараша 2025
БІШКЕК. KAZINFORM — Ел бойынша білім беру мекемелерінде электр энергиясын үнемдеу шаралары енгізіліп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасының Білім министрлігі хабарлағандай, оқу процесі аяқталғаннан кейін (барлық сабақ аяқталған соң) электр қуатын сынып бөлмелерін тазалауға кететін уақытты санағанда 60 минуттан кешіктірмей өшіру керек.
— Бұл шектеу ғимараттың жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік жүйелер мен жабдықтарға қатысты қолданылмайды. Бұл талаптар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ететін нысандар мен мекемелерге, соның ішінде жатақханаға қолданылмайды, — деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Қырғызстанда электр энергиясына шектеусіз тарифтер алынатынын жазған едік.