Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары барысында көлік және логистика, инвестиция, гуманитарлық істер және басқа да салалардағы қырғыз-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты құжаттарға қол қою және алмасу рәсімі өтті.
Келіссөздің негізгі нәтижесі Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа, сондай-ақ екі елдің Жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық серіктестікті сапалы дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қою болды.
- Тараптар ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары қырғыз-қытайлық жан-жақты стратегиялық серіктестікке жаңа және қуатты серпін беретініне және екіжақты ынтымақтастықтың ірі жобаларға, тұрақты дамуға және екі ел халықтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа практикалық кезеңге өтуін белгілейтініне сенім білдірді, - деп хабарлады Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Бір күн бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды.
Бүгін жаңа «Бішкек Арена» стадионында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Ойындардың негізгі мәдени және ғылыми бағдарламасы 2-6 қыркүйек аралығында Шолпан-Ата мен Ыстықкөл облысындағы Қырчын шатқалында жалғасады.
Осыған дейін Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазғанбыз.