Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шу облысында коммерциялық техника мен жеңіл көлік құрастыратын «Тұлпар Моторс» зауыты ашылды. 4,7 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 500 адам қызмет етеді.
Онда «Cobalt», «Оnix», «Tracker» маркалы теміртұлпарлармен қатар, «SamAuto» сияқты жүк көлігі құрастырылады.
Сонымен қатар Қара-Балта қаласында мата және трикотаж бұйымдарын жасайтын фабриканың жұмысы басталды. Кәсіпорын жылына 17 мың тонна тоқылған мата мен 7 млн дана трикотаж шығаруға қауқарлы.
Бұған қоса, Өзбекстанның Ферғана және Наманған облыстарында әрқайсысының қуаты 200 МВт болатын екі күн электр станцияның құрылысы басталды. Онда өндірілетін электр энергиясының бір бөлігі Қырғызстанға бағытталмақ.
Еске салайық, бұл күндері Қырғызстан президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары өтіп жатыр.