Екі ел басшысы қырғыз-тәжік екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, кең ауқымды тақырыптарды, соның ішінде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылады.
Аймақтық және халықаралық күн тәртібі мен ТМД мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысы туралы пікір алмасу болды. Мемлекет басшылары екі ел мен халықтар арасындағы тату көршілікті нығайту үшін тұрақты саяси диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша ашық әрі жан-жақты әңгімеге дайын екендіктерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бішкектегі «Ала-Арша» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан тарапының төрағалығымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы басталады.