Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны белгілеу жұмыстарын аяқтады

Фото: ҚР Үкіметі

БАТКЕН. KAZINFORM – Баткенде Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегацияларының тең төрағалары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимовтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар келісімге келіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының қалған бөліктерін белгілеу жұмыстарын толық аяқтады. Үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялаудың қорытынды құжаттарын рәсімдеуге көшу жөнінде тапсырма берілді.

Үкіметтің делегациялардың соңғы кездесуі Тәжікстанның Бустон қаласында қараша айының соңында өтті.