Бұл туралы Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтық Шайназаров AKIpress агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
-17 тамызда мен Жогорку Кенеш төрағасына 17 қыркүйектегі парламент сессиясының күн тәртібіне осы мәселені енгізуді сұрап хат жолдадым, - деді ОСК төрағасы.
Т.Шайназаровтың айтуынша, егер Жогорку Кенеш қаулыны 17 қыркүйек күні қабылдаса, кандидаттарды ресми түрде ұсыну келесі күні, 18 қыркүйекте басталады.
Қырғызстан заңына сәйкес, президент сайлауын парламент кемінде төрт ай бұрын тағайындайды.
Бұған дейін Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсу ниетін хабарлаған болатын.