Қырғызстан полициясы көкпар кезіндегі спортшы қазасына қатысты мәлімет берді
16:00, 12 Наурыз 2025
АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстанда көкпар ойыны кезінде спортшы қайтыс болды, деп жазады Кабар.
Ленин аудандық ІІБ хабарлауынша, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында «Ақ-Құла» ипподромында «Көкпар» ұлттық ойыны федерациясы ұйымдастырған жарыс басталды.
Жарыс барысында Сокулук ауданының «Бөрілі» командасы мен Ош қаласының «Бүркіт» командасы арасында тартыс болуы тиіс еді. Алайда, ойынға 10-15 минут уақыт қалғанда ойыншылардың бірі аттан құлап, есінен танып қалған.
Ойын бірден тоқтатылып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды, жәбірленуші 1980 жылы туған С.М. ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Айта кетейік, Қырғызстанда ақ қалпақ және ұлттық киім күні аталып өтті.