Құжат талаптарына сәйкес, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында елдің интернет кеңістігіндегі порнографиялық сипаттағы элементтері бар контенттің таралуына тыйым салынады. Сонымен қатар осындай материалдарды таратқандарға да жауапкершілік қарастырылған.
Құжат күшіне енсе, порнографиялық контенті бар сайттар осы талап туралы арнайы хабардар етілгеннен кейін 24 сағат ішінде бұғатталады. Сайт иелері мұндай контентті 24 сағат ішінде жоюы керек.
Заң талаптарын орындамаған сайттың жұмысы жаңа ресурстар жасауға тыйым салына отырып, екі айға дейін тоқтатылады. Ресурсқа қолжетімділік контент жойылғаннан кейін немесе сот шешімінен соң қалпына келтіріледі.
Осыған дейін Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттағаны туралы жаздық.
Сондай-ақ интернеттен порнография, есірткі мен суицидті насихаттайтын 10 мың заңсыз материал табылды.