Бішкектегі ЖЭО-дағы апатқа байланысты Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Алматы қаласындағы жұмыс сапарын тоқтатып, еліне шұғыл түрде ұшып кетті.
«Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына және Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумына қатысады», - деп хабарлады Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі.