Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында Қырғыз көшбасшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының Саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай — ақ өңірлік өзара іс-қимыл перспективаларын талқылауға бағытталады, — деп атап өтті Мұратбек Әзімбақиев.
Сондай-ақ, саммит аясында Садыр Жапаровтың «Орталық Азия Жапония» бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.