Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар Ресейдің Иркутск қаласында обаға қарсы күрес институты қызметкерінің этиологиясы белгісіз пневмониямен ауырғаны туралы ақпараттан кейін қабылданды. Қырғызстандағы барлық санитарлық-карантиндік бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, ал жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауда ұстауда.
— Санитарлық-карантиндік бекеттер жұқпалы аурулардың, соның ішінде аса қауіпті инфекциялардың елге кіруі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекарадан кіріп келе жатқан адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді санитарлық-эпидемиологиялық тексерістен өткізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Обаға қарсы күрес институты қызметкері қайтыс болғаннан кейін Роспотребнадзор Иркутск облысындағы және Иркутск және Шелехов қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тексерген болатын.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Иркутск облысындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.