Банктің деректері бойынша, монетаның аверсінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының ресми эмблемасы мен ұйымға мүше мемлекеттердің туы бейнеленген. Монетаның реверс жағында ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің географиялық картасының фонында Қырғыз Республикасының гербі мен «25» цифры көрсетілген.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 28,28 г, диаметрі 38,61 мм, сапасы «proof» деңгейінде. Әр монетаның номиналы – 10 сом, жалпы тиражы – 550 дана. Монетаны Ұлттық банктің кассаларынан 15 350 сом бағасымен сатып алуға болады.
Коллекциялық монета Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы FIFA Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарылатыны хабарланған еді.