Қырғызстан тауарларды құжатсыз импорттайтындарға айыппұлды көбейтті

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын қажетті құжаттарсыз шекара арқылы өткізгені үшін айыппұлдарды көбейтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: K-News

Мемлекеттік салық қызметінің мәліметінше, Қырғызстан Республикасының Құқық бұзушылық туралы кодексіне 2026 жылдың 21 тамызынан бастап күшіне енетін жаңа әкімшілік айыппұлдарды көздейтін түзетулер енгізілді.

Жазалау сомасы жүктің құнына тікелей байланысты. Атап өткенде:

• 500 мың сомнан (2,6 млн теңгеден астам) төмен бағадағы тауарлар үшін жеке тұлғалар үшін 50 мың сом (261 мың теңге), заңды тұлғалар үшін – 100 мың сом (522 мың теңге) айыппұл салынады;

• 500 мыңнан 1 млн сомға дейін: жеке тұлғалар үшін 100 мың сом (522 мың теңге) және заңды тұлғалар үшін 200 мың сом (1 млн 44 мың теңге);

• 1 миллион сомнан және одан жоғары: жеке тұлғалар үшін 200 мың сом (1 млн 44 мың теңге) және заңды тұлғалар үшін 300 мың сом (1,56 млн теңге).

Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда қаржылық санкциялар артады, ал кіргізілген тауар тәркіленеді:

• Егер тауарлардың құны 500 мың сомнан (2,6 млн теңгеден астам) аз болса, жеке тұлғалар үшін 70 мың сом (365 400 теңге), ал заңды тұлғалар үшін 130 мың сом (678 600 теңге) айыппұл салынады;

• 500 мыңнан 1 млн сомға дейін – жеке тұлғалар үшін 130 мың сом (678 600 теңге) және заңды тұлғалар үшін 250 мың сом (1,3 млн теңге);

• 1 млн және одан да көп — жеке тұлғалар үшін айыппұл 250 мың сом (1,3 млн теңге) және заңды тұлғалар үшін 350 мың сом (1,82 млн теңге) болады.

Осыған дейін Қырғызстанда салықтық тіркеуі болмауына байланысты ел азаматтарына электрондық қызмет көрсететін 11 шетелдік компания сервисінің жұмысы шектелуі мүмкін екенін жаздық

Қырғызстан кейбір салалардағы кәсіпкерлер үшін бес жылдық салық жеңілдігін ұсынды. Тиісті жарлыққа ел президенті қол қойды