Қырғызстан Тәжікстан және Өзбекстанмен шекараның түйісуі туралы шартты ратификациялады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті Садыр Жапаров «Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы 2025 жылғы 31 наурызда Худжанд қаласында қол қойылған үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Кабар.
Заңды ҚР Жогорку Кенеш 2025 жылғы 25 маусымда қабылдады.
Заңның мақсаты «ҚР халықаралық шарттары туралы» және «ҚР Жогорку Кенеш регламенті туралы» ҚР заңдарына сәйкес мемлекетішілік рәсімдерді орындау болып саналады.
Осылайша, заңмен 2025 жылғы 31 наурызда Худжанд қаласында қол қойылған үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты ратификациялау ұсынылады.
31 наурызда Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Эмомали Рахмон, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиеев Худжандта (Тәжікстан) өткен кездесуде мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойды.
Шекаралардың түйіскен жері Ферғана алқабында орналасқан және Соғды (Тәжікстан), Ферғана (Өзбекстан) және Баткен облыстарын (Қырғызстан) байланыстырады.
Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өткен ІІІ халықтық құрылтайда сөйлеген сөзінде халықты су ресурстарын тиімді пайдалануға шақырды.