«Бұл жоба түркі әлемінің символы және мәдени алмасу алаңы болады», - деді Қырғызстан басшысы.
Еске сала кетсек, 6 қарашада Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті XI саммиті «Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және барлығы үшін қауіпсіздік» тақырыбымен өтіп жатыр. Оның жұмысына Ұйымға мүше бес мемлекет – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, сондай-ақ бақылаушы ел Мажарстанның басшысы қатысып жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның биржадан тыс кеңістіктегі төрағалығының қорытындысын шығарған болатын.