Қырғызстан уран кен орындарын игеруге жарияланған мораторийді алып тастауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM –Қырғызстан уран мен торий кен орындарын барлау мен игеруге салынған тыйымды алып тастауды ұсынды. Министрлер кабинеті бастамашы болған тиісті заң жобасы ел парламентінің қарауына жіберілді.

Фото: freepik.com

Құжатты әзірлеушілер қолданыстағы заң халықтың денсаулығын, жер, су нысандарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға, азаматтардың өмір сүруіне, еңбек етуіне және демалуына қолайлы қоршаған орта қалыптастыруға, сондай-ақ Қырғыз Республикасында радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті орнатуға бағытталғанымен, ол жалпы елдің экономикасы мен дамуына кері әсер етіп, халықаралық және ұлттық дағдарысты күшейткенін айтады.

Заңды әзірлеу және қабылдау кезінде COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарының басталуын, сондай-ақ елдің ең ірі сауда серіктестерінің бірі Ресей Федерациясына қарсы ауқымды қаржылық санкциялардың енгізілуін болжау мүмкін болмады.

2020-2023 жылдардағы оқиғалардың ауыр экономикалық салдарын ескере отырып, Қырғызстан экономикасына басқа табыс көздері өте қажет. Уран мен торийді өндіру және экспорттау Қырғызстан экономикасының маңызды құрамдас бөліктеріне айналу мүмкіндігіне ие.