VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары соңғы кезеңге өтті. Отырыста халықаралық іс-шараның жалпы бағдарламасы, мәдени, спорттық және ғылыми бағдарламалары, сондай-ақ Ойындардың жабылу салтанатының тұжырымдамасы қаралды.
Сонымен қатар қатысушыларды тасымалдау және орналастыру, аккредиттеу, медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ Ойындар өтетін негізгі нысандардың дайындығы талқыланды. Олардың қатарында Қырчын этноқалашығы, Көшпенділер өркениеті орталығы, «Рух-Ордо» кешені, ипподром және спорт алаңдары бар.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ойындардың ашылу салтанаты ел астанасындағы жаңа стадионда ұйымдастырылады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламасы 2–6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында жалғасады.
Бұған дейін 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмары ретінде ілбіс таңдалғаны хабарланған болатын. Оған Батай деген есім берілді.
Мамыр айында Бішкекте Ойындардың басталуына 100 күн қалғанын көрсететін электронды кері санақ тақтасы ресми түрде іске қосылды.
Қырғызстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының рухани және үйлестіруші орталығы мәртебесін елге заң жүзінде бекіту ұсынылып отыр.
Қырғыз Республикасының Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөрі мен көкпар жеке-жеке спорт түрі ретінде өткізіледі.
Сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы толық жасақталды. Құрамаға 155 спортшы, 49 жаттықтырушы жəне өзге де мамандар енді.