Ұлттық банктің мәліметі бойынша, монетаның алдыңғы жағында қырғыз тауларының фонында жарысып жүрген үш тайган бейнеленген. Жоғарғы жағында «Тайған жарыш» деген жазу және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми эмблемасы орналасқан.
Монетаның артқы жағында, жоғарғы және сол жағында «Дүйнөлүк көчмөндөр оюндары/World Nomad Games» деген жазу бар. Монетаның ортасында Қырғызстан Республикасының елтаңбасы және қырғыз тайғаны басының жақыннан түсірілген суреті бейнеленген. Төменгі жағында шығарылған жылы (2026) жазылған.
Монеталардың салмағы 28,28 грамм, ал өлшемі 38,61 х 38,61 мм. Әр монетаның номиналы 10 сом, ал жалпы саны 1000 дана. Оларды Ұлттық банктің кассасынан 8900 сомға сатып алуға болады.
«Тайған Жарыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасында ресми түрде заңды төлем құралы ретінде танылған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан ШЫҰ-ның 25 жылдығына арналған күміс монетаны айналымға енгізді.