Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оқу орнында сабаққа қатысу ережелерін бұзу және жоғары және арнаулы оқу орындарының талаптарын елемеу фактілері анықталған.
Тексеру нәтижесінде университет пен оның тиісті құрылымдарынан 2 170 студент шығарылды. Атап айтсақ, Баткен мемлекеттік университетінен – 570, М.М.Тайыров атындағы Қызыл-қия гуманитарлық-педагогикалық институтынан – 801, Қызыл-қия технология, экономика және құқық институтынан – 380, А.А.Машрабов атындағы Сүлұқта гуманитарлық-экономикалық институтынан – 170, Көптілді университетінен – 177 234, БатМУ жанындағы педагогика және коммуникация колледжінен – 14.
Арнайы қызмет білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да заңсыз көріністерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан халықаралық интернет-трафикке уақытша мемлекеттік монополия енгізетінін жазған едік.