Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет сайттарындағы қорлау немесе жала жабу үшін заң жобасында бастапқыда жеке тұлғаларға 1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом), заңды тұлғаларға — 2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.
Ұзақ талқылаудан кейін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 20 мың сомға, заңды тұлғаларға — 65 мың сомға дейін төмендетілді.
Енгізілген ұсыныстарға сәйкес, Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қарап, одан әрі сотқа жібереді.
Бұған дейін Қырғызстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетте адамға жала жапқаны және ар-намысына тигені үшін жазаны қатаңдату ұсынылғаны туралы жазған болатынбыз.