Қырғызстанда адам жалдады деп күдік келтірілгендердің екеуі үйқамаққа алынды

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстанда мәжбүрлеп адам жалдауға қатысы бар деген төрт күдіктінің екеуі үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұған дейін Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басқа елдердегі қарулы қақтығыстарға пайдалану үшін жалдамалы жасақшы тартқан деген айыппен төрт адамды, оның ішінде Оштағы Орыс үйінің қызметкері Наталья Секерина мен Ош әкімдігі баспасөз қызметінің өкілін ұстаған болатын.

— 25 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бас тергеу басқармасы Ішкі істер департаменті тергеушісінің айыпталушы С.Н.В. мен С.В.Т.-ға қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Первомайский аудандық сотының қаулысымен аталған тұлғалар үйқамаққа шығарылды,- делінген сот хабарламасында.

Бішкектің Первомайский аудандық сотының мәліметінше, күдіктілер ҚК ҚК-нің 416-бабының 1-бөлігі бойынша «жалдамалыларды басқа мемлекеттердің қарулы қақтығыстарында немесе мемлекеттік билікті құлатуға немесе аумақтық тұтастықты бұзуға бағытталған зорлық-зомбылық әрекеттерінде пайдалану үшін жалдау, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету, оқыту, сондай-ақ жалдамалыларды әскери қақтығыстарда немесе іс-әрекеттерге пайдалану» бойынша қылмыс жасады деп айыпталды.

Бұған дейін елде жаппай тәртіпсіздіктерді дайындау мен ұйымдастыруға қатысқан сыбайластар ұсталғаны хабарланған болатын.

Осыған дейін Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалып жатқан топ ұсталғаны туралы жаздық.