Қырғызстанда азаматтар баспанасын сатуға өздері тыйым сала алады

АСТАНА. KAZINFORM — Жогорку Кенеш заңнамаға тұрғындар өз үйін басқа адамның атына тіркеуге тыйым салатын түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: Kazinform/ЖИ

Заң жобасының әзірлегендердің айтуынша, құжат алаяқтық әрекеттердің алдын алуға, атап айтқанда, азаматтарды, әсіресе егде жастағы адамдарды үшінші тұлғалардың ықпалымен жылжымайтын мүлкінен айырылып қалудан қорғауға бағытталған.

Түзетулерге сәйкес, азаматтар тұрғын үйге қатысты мәмілелерді іске асыруға өз еркімен тыйым сала алады. Тыйымды алып тастау үшін 72 сағаттық мерзім қажет. Біреудің арбауына түсіп қалуы мүмкін азаматтарды қосымша қорғау үшін осындай «ес жию кезеңі» қажет болып отыр.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда өз-өзіне несие алуға тыйым салу туралы заң 2025 жылдың 1 қарашасында күшіне енді. Қазақстанда қызметтің бұл түрі 2023 жылдан бері бар.