Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болу ережесі қайта қаралуы мүмкін

Фото: Canva

АСТАНА. KAZINFORM — Жогорку Кенеш отырысында депутат Айгүл Ахмедова үкіметке Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарының өзара болу тәртібін қайта қарау туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Парламент мүшесінің айтуынша, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енген жаңа ережеге сәйкес, Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында кез келген 180 күндік кезең ішінде жиынтығы 90 күннен артық бола алмайды.

Айгүл Ахмедова енгізілген көші-қон шектеулері шекара маңындағы тұрғындардың сауда қызметіне кері әсерін тигізіп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты депутат министрлер кабинетін аталған талаптарды қайта қарауға шақырды.

Еске салсақ, Қазақстан азаматтары да Қырғызстан аумағында алғашқы кірген күннен бастап әрбір 180 күн ішінде жиынтығы 90 күнге дейін бола алады. Қазақстандықтар алғашқы 30 күн ішінде тіркеуден босатылады. Бұл мерзімнен асқан жағдайда тіркелу қажет. Егер азамат ел аумағында 90 күннен артық тіркеусіз жүрсе, кейінгі кіруі үш айға шектеледі.