Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2026 жылдың қаңтарынан мамырына дейін азық-түлік және алкогольсіз сусындардың бағасы 4,8%, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасы 6,5%, азық-түлік емес өнімдердің бағасы 2,8%, ал халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері 7,1% өсті.
Осы кезеңде елдің барлық аймағында баға мен тарифтердің өсуі байқалды. Ең үлкен өсім Ош облысында байқалды.Мұнда алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері бағасы 15,1%, азық-түлік емес өнімдер 8,8% және халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері 17,1% өскен.
Бұған дейін Қырғызстан ағаш және ағаш материалдарын экспорттауға салынған тыйым мерзімін ұзартқанын хабарлаған едік.