Kazinform бұл туралы Kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың дерегі бойынша, 2023 жылғы 11-17 желтоқсан аралығында республикада 11 575 тұмау мен ЖРВИ тіркелген, өткен аптамен салыстырғандағы өсім - 43,4%. Былтырғы жылмен салыстырғанда маусымдық вирус жұқтырғандар төрт есе азайғаны байқалады.
Өткен аптада Бішкек пен Шу облысында COVID-19 жұқтырған 2 адам тіркелді.
Республикада тұмау, ЖРВИ мен COVID-19 эпидемиялық ахуалына мониторинг жасау және бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.