Қырғызстанда браконьерлікке қатысты айыппұл үш есе көбейді

АСТАНА. KAZINFORM – Биоәртүрлілікті сақтау және браконьерлікке қарсы күресті күшейту мақсатында Қырғызстан жабайы табиғатқа келтірілген залал үшін айыппұл көлемін көбейтті.

Фото: freepik

Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің мәліметінше, үкімет жабайы табиғатқа келтірілген залал үшін айыппұлдарды айтарлықтай көбейту туралы қаулыға қол қойды. 

Түзетуге сәйкес, тауешкілерді заңсыз өлтіргені үшін айыппұл үш есеге өсіп, 300 000 сомға (1,6 миллион теңгеден астам), еліктерге 100 000 сомға (546 000 теңге), ал ақ және қара ләйлектерге зиян келтіргені үшін айыппұл 30 000 сомға (163 000 теңгеден астам) дейін өсті.

Жиналған қаражаттың бір бөлігі қоршаған орта бұзушылықтарын анықтаған және оларды қудалауға көмектескен адамдарды қаржылай ынталандыруға жұмсалатыны аталып өтті.

Бұған дейін қар барысы ресми түрде Қырғызстанның символы болып танылды.