Құжатқа сәйкес, мұғалімдер мен оқушыларды, оқытушылар мен студенттерді, әлеуметтік қызметкерлерді, медицина мамандарын, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлерін қандай да бір кандидатты қолдауға бағытталған сайлауалды үгіт-насихатқа тартуға қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар қандай да бір кандидатты қолдап, қызметтік өкілеттігін пайдаланған немесе үгіт-насихатқа заңсыз қатысқан ведомство басшылары мен лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен дереу босатылады.
Айта кетейік, Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың екінші мерзімге сайлауға түсу ниеті бар екені хабарланған болатын.
Қырғызстандағы президент сайлауына қанша қаржы жұмсалатынын мына жерден оқыңыз.