Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Бообек Әжікеевтің айтуынша, жолаушылар көлігінің бірін толығымен қар басып қалған, құтқарушылар одан 4 адамды алып шықты. Зардап шеккендердің арасында есінен танған әйел бар. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Қырғызстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні болған Бішкек-Ош тасжолының 132-ші шақырымында жолды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22:10–да «Сосновка» көліктік бақылау бекетінде жолаушылар көлігінің өтуіне қойылған шектеу алынды.
Бұған дейін Қырғызстанда қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.