«Қырғызстанның ұлттық электр желісі» ААҚ мәліметінше, 2026 жылғы 27 қазанда елдің энергетикалық жүйесінде тәуліктік электр энергиясын тұтыну көлемі күз мезгіліндегі ең жоғары көрсеткішке жетті. Ол 64 млн 318 мың кВт·сағатты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес күніндегі көрсеткіштен 16 млн 449 мың кВт·сағатқа артық.
Компанияның хабарлауынша, тәулігіне 66 млн кВт·сағат және одан жоғары электр энергиясын тұтыну деңгейі әдетте желтоқсан айында байқалады.
Электр энергиясын тұтынудың артуына ең алдымен күннің суытуы және электр жылыту құрылғыларын пайдалану жиілігінің көбеюі себеп болған.
Осыған байланысты тұтынушыларға электр желісіне түсетін жүктеме ең жоғары болатын таңертеңгі және кешкі уақытта қуатты электр құрылғыларын мүмкіндігінше кезекпен пайдалану ұсынылды.
Бұған дейін Қырғызстан жаңа су электр станциялары мен жылу электр станцияларын салу арқылы энергия тапшылығын азайтуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
Ал Қырғызстан электр энергиясы тапшылығын қалай жоятынын мына сілтемеден оқыңыз.