Қырғызстанның Кабар агенттігінің министрлік мәліметтреіне сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы жылдары электромобильдер саны тұрақты өсім көрсетіп келеді.
Салыстырмалы көрсеткіштер:
- 2022 жылы — 1113 электромобиль;
- 2023 жылы — 2310;
- 2024 жылы — 3122.
Тек 2025 жылдың өзінде олардың саны 9 870-ке артқан. Бұл экологиялық таза көлікке сұраныстың айтарлықтай күшейгенін көрсетеді.
Осыған дейін Қырғызстанда алғаш рет аспалы жол ашылғаны туралы жаздық.