Қырғызстанда электронды темекі импортына тыйым салынды

Фото: Kazinform

БІШКЕК. KAZINFORM — Елде құрамында сұйытылған никотин бар электронды темекі өнімдері импортына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Министрлер Кабинеті қабылданған қаулыға сәйкес, елге келесі тауарларды алты ай мерзімге импорттауға тыйым салынады:

  • ЕАЭО СЭҚ ТН 2404 12 000 0 коды бойынша жіктелген, құрамында никотин сұйықтығы бар бір корпустағы электронды темекілер және никотин жеткізу жүйелері;
  • ЕАЭО СЭҚ ТН 2404 12 000 0 коды бойынша жіктелген, электронды темекілерде пайдалануға арналған картридждер, резервуарлар және басқа да ыдыстарда құрамында никотин бар сұйықтықтар. 

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап он бес күн өткен соң күшіне енеді.

Бұл шаралар қоғамдық денсаулықты қорғауға, никотинге тәуелділіктің, әсіресе жастар арасында таралуының алдын алуға және темекі мен никотинді өнімдерді тұтынумен байланысты аурулардың қаупін азайтуға бағытталған.

Еске сала кетсек, 2024 жылы Қазақстанда вейп, оған арналған хош иістендіргіш пен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды

Сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев вейп, оған арналған хош иістендіргіш пен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойғанын хабарладық.